< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 104 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

1. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады. 

2. Кезекті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады. 

3. Жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды. 

3-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды. 

4. Жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджетті түзету арқылы мыналарға: 

1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге; 

2) алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау мен беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, қызмет көрсету мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызмет көрсетуді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға; 

4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға; 

4-2) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражатын одан әрі пайдалануға; 

4-3) өткен қаржы жылында міндеттемелер қабылданбаған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және бюджеттік мониторинг негізінде олардың нысаналы мақсатын өзгертпей, одан әрі қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін. 

Бюджет комиссиясының тиісті ұсынысы бюджетті түзету жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірленеді. 

5) республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға; 

6) осы Кодекстің 45-бабы 4-2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары қаржыландырылған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының тиісті қаржы жылының соңындағы жылдық сомасынан асып кеткен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына; 

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражаттың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға; 

8) республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға пайдаланылуы мүмкін. 

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейін қалған жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және бюджетті нақтылау арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі мүмкін. 

6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...102‑1 103 104 104‑1 105 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться