< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 184 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Бюджет кодексi
184-бап. Сыйақы мөлшерлемесі

1. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы жүзеге асыратын төлем - сыйақы болып табылады. 

2. Жылдық пайыздар түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. 

3. Сыйақы мөлшерлемесі тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін. 

Мөлшері бюджеттік кредиттің барлық мерзіміне өзгеріссіз белгіленетін сыйақы мөлшерлемесі тіркелген сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. 

Мөлшері қаржы нарығындағы конъюнктураға байланысты өзгеріп тұратын сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. 

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа өлшемді мөлшерлемесі кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесі деп танылады. 

Жергілікті атқарушы органдарға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейді. 

Ескерту. 184-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...182 183 184 185 186 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться