< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 196 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
196-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы

1. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабы қарыз алушы кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде, қарыз алушы мен кредитор бір тұлға болғанда не қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот актісінің негізінде тоқтатылады. 

2. Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарын тоқтату бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімі бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде жүзеге асырылады. 

3. Қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі алдын ала рәсімдер жүргізілгеннен кейін: 

1) республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша - республикалық бюджет туралы заңның негізінде; 

2) жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша - мәслихаттың шешімі негізінде жүзеге асырылады. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, таратылған қарыз алушылардың берешегі, сондай-ақ кредитордың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту немесе ішінара қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде талаптар тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі кредитордың есептен шығаруына жатады. 

5. Алып тасталды - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Ескерту. 196-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

41-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ, МОНИТОРИНГ, ЕСЕПКЕ АЛУ

Статья 1 ...194 195 196 197 198 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться