< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 206 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы: 

1) қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу; 

2) қарыз алудың басымдықтарын айқындау; 

3) болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыз шартын жасасу жолымен қарыздарды тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

2-1. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

2-2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз шартында белгіленген мерзімде қарыз қаражатының игерілмегені үшін қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады. 

3. Бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ал мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде – мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы эмитент болып табылады. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

3-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер немесе мемлекеттік ислам бағалы қағаздары түрiнде мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыз алушы болатын, оны ұстаушының қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттiк қазынашылық мiндеттеме болып табылады. 

Жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан түскен табыстарды алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік ислам бағалы қағазы болып табылады. 

Мемлекеттiк ислам бағалы қағазы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленген исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шығарылады. 

Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде бюджетті aтқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын мемлекеттік исламдық арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады. 

3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере отырып жүзеге асырылады. 

Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады. 

5. Несие капиталын сыртқы нарықта орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға немесе олардың шарттарын өзгертуге және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. 

Ескерту. 206-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...204 205 206 207 208 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться