< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 215 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

1. Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі. 

2. Мемлекеттік кепілдіктер беру осы Кодекстің 220-бабына сәйкес кепіл міндеттемелерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады. 

3. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды және мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг пен акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік кепілдік сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады. 

4. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және мемлекет кепілдік берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарды белгілейтін келісім мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады. 

Ескерту. 215-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...213 214 215 216 217 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться