< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 43 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді: 

1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің – республикалық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің – жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жоғары тұрған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі; 

2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу: 

тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі; 

мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі; 

қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі; 

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі; 

нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі; 

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру; 

4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету; 

5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекіту; 

6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру. 

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...41‑1 42 43 44 45 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться