< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 51 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер

1. Мыналар: 

1) жеке табыс салығы; 

1-1) 01.01.2024 дейін қолданылды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен;

1-2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; 

2) әлеуметтік салық; 

3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық; 

4) жер салығы; 

5) бірыңғай жер салығы; 

6) көлік құралдарына салық; 

7) алып тасталды – ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) мыналарға: 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; 

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа); 

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға акциздер; 

9) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

11) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы; 

12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

12-1) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

13-1) алып тасталды – ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);

15) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым); 

15-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

16) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

17) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);

18) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж; 

20) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

21) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

22) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы; 

24) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым; 

25) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады. 

2. Мыналар: 

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: 

республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түскен түсімдер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер; 

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер; 

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу; 

4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары; 

4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар; 

4-3) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат; 

4-4) мұнай секторы ұйымдарынан және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттардың басқа да қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар; 

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне басқа да салықтық емес түсімдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады. 

3. Мыналар: 

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 

3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 

4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады. 

5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің есебіне жатқызылады. 

Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...49 50 51 52 52‑1 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться