< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 82 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
82-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. 

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді. 

3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты қамтамасыз етеді. 

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. 

5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. 

6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады. 

Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді. 

7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармаққа енгізілген өзгеріс 01.01.2026 дейін қолданыста болады – ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.

8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдар айқындайтын, арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін, сондай-ақ бюджетті атқару саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 82-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться