< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

Ст. 826 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
826-бап. Сақтандыру шартының мазмұны

1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:  

1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;  

2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;  

2-1) сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлға болып табылса) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға болып табылса) атауы, орналасқан жері, байланыс телефонының нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

3) сақтандыру объектiсiн көрсету;  

4) сақтандыру жағдайын көрсету;  

5) сақтандыру сомасының мөлшерлері (аннуитеттік сақтандыру шарттары мен сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда), сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері; 

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi; 

6-1) сақтандырушының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы мөлшері, оны төлеу шарттары мен тәртібі (исламдық сақтандыру шарты жасалған кезде); 

6-2) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының бар немесе жоқ екендігі туралы нұсқау; 

7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;  

8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;  

9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;  

10) шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;  

10-1) сақтанушының шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер мүліктік сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі түрде әсер етуі мүмкін болса, сақтандырушыға дереу хабарлау міндеті (осы Кодекстің 834-бабының 1-тармағы); 

11) сатып алу сомасын төлеу талаптары мен мөлшері (сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру үшін); 

11-1) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері; 

12) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемi мен сақтандыру сыйақысының валюта түрi. 

15) сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету; 

16) егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетілген жағдайда, оның сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету. 

2. Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.  

2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.  

Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.  

Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.  

Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.  

Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.  

3. Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен белгiленген ережелер қолданылады.  

4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс.  

5. Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық еместігі үшiн сақтандырушы жауапты болады. 

Ескерту. 826-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.12.18 № 128, 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 № 225, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...825 825‑1 826 826‑1 826‑2 ...1124
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться