< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

Ст. 832 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
832-бап. Сақтанушы шарт жасасу кезiнде ұсынатын мәлiметтер

1. Сақтанушы шарт жасасу кезінде сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) келтірілуі ықтимал залалдардың мөлшерiн айқындау үшiн елеулi мәнi бар, сақтанушының өзіне белгілі мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар сақтандырушыға белгілі болмаса және белгілі болуға тиiстi болмаса, хабарлауға мiндеттi.  

Сақтандырушы әзірлеген сақтандыру қағидаларында немесе шарт жасасу кезеңiнде сақтанушыға жіберілген сақтандырушының жазбаша сұрау салуында айқын жазылған мән-жайлар елеулi деп танылады.  

Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мән-жайлар елеулi деп танылады. 

2. Сақтандырушының елеулі мән-жайларға қатысты жазбаша сұрау салуында көрсетілген сұрақтарға сақтанушының жауаптары болмаған кезде сақтандыру шарты жасалмайды.  

Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бiр сұрақтарына сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасалған болса, сақтандырушы сақтанушының тиісті мән-жайларды хабарламағанын негiзге ала отырып, кейiннен шартты бұзуды немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.  

3. Егер шарт жасалғаннан кейін сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлағаны анықталатын болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстiң 844-бабы 1-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген салдарларды қолдануды талап етуге құқылы.  

Егер сақтанушы айтпай қалған мән-жайлар қажет болмай қалса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.  

Ескерту. 832-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 406 ...830 831 832 833 834 ...1124
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться