< ҚР Азаматтық процестік кодексі

Ст. 140 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
140-бап. Сот бұйрығының мазмұны

1. Сот бұйрығында: 

1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні; 

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні; 

3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi; 

4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жері, оның жұмыс орны және жауапкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық пошта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса); 

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң; 

6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгілері; 

7) егер заңда немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және ол есептелген уақыт кезеңі; 

8) жауапкерден талап қоюшының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы; 

9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығында күтіп-бағу үшін алименттер тағайындалған әрбір баланың аты мен туған күні, жауапкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алу мерзімі көрсетіледі. 

3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
Статья 1 ...138 139 140 141 142 ...505
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться