< ҚР Азаматтық процестік кодексі

Ст. 409 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
409-бап. Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алу

Ескерту. 409-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Апелляциялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде апелляциялық шағым берген прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға немесе судья осы Кодекстің 405-бабында көзделген әрекеттерді орындаған кезде оны бірінші сатыдағы сотта кері қайтарып алуға құқылы. 

Прокурор соттың шешіміне өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.  

Апелляциялық шағымнан бас тарту, шағымды, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алу бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді.  

2. Апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа да адамдар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор өтінішхат келтірмесе, апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шағымды қайта беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарылады. 

3. Шағым, прокурордың өтінішхаты кері қайтарылып алынған жағдайда, сот қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 403-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайта берілуі мүмкін. 

3-1. Апелляциялық сатыдағы сот (судья) осы Кодекстің 407-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарым шығарады. 

Бұл ұйғарым шағым жасалуға жатпайды, бірақ бірінші сатыдағы сотқа апелляциялық шағыммен, прокурордың апелляциялық өтінішхатымен қайта жүгінуге кедергі келтірмейді. 

4. Егер бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағымды басқа тұлғалар берсе, ол осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қаралуға тиіс. 

Ескерту. 409-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...407 408 409 410 411 ...505
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться