< ҚР Орман кодексi

Ст. 99 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Орман кодексi
99-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю

1. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi. 

Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалануға Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасына сәйкес Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда аталған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың артықшылықты құқығы бар. 

Орман және табиғат қорғау мекемелері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына жайылымдар мен шабындықтар алып жатқан алаңдар мен олардан бос алаңдарды, олардың орналасқан жерін көрсете отырып, мемлекеттік орман қорының шөп шабу және мал жаю мүмкін болатын учаскелері туралы, сондай-ақ оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтерді ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей ұсынуға міндетті. 

2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы бекiтедi.  

3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi. 

4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi. 

Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...97 98 99 100 101 ...118
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться