< ҚР Салық кодексi

Ст. 123 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
123-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

1. Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушiде (салық агентінде) банктік шоттар болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабында айқындалған тәртіппен жүргізілген, банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салықтық берешек өтелмеген кезде салық органы түзілген салықтық берешек шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi – дебиторлардың) банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады. 

2. Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, осындай хабарламаны жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн ұсынуға мiндеттi. 

Соттардың дебиторлардан салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына берешек сомаларын өндіріп алу туралы заңды күшіне енген шешімдері болған кезде соттың осындай шешімі де беріледі. 

Бұл ретте салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) тексеру жүргізуге құқылы. Салық органы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында дебиторларға қарсы тексеру жүргізуге құқылы. 

Салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес. 

Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеген жағдайда, дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсi ұсынылмайды. 

3. Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған дебиторлар тiзiмiнiң және (немесе) салық органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған дебиторлар туралы мәліметтердің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын салық төлеушіні (салық агентін) тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегін өтеу есебіне олардың банктік шоттарындағы ақшаға дебиторлық берешек сомалары шегiнде өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама жiбередi. 

Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаны жiберген салық органына хабарламаны алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуға мiндеттi. 

Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер: 

1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi; 

2) дебитордың салық төлеушi (салық агенті) алдындағы берешегінің сомасы;  

3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары не салық төлеушi мен оның дебиторының электрондық цифрлық қолтаңбалары; 

4) бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бұрын болмауға тиіс салыстырып-тексеру актiсiнiң жасалған күнi қамтылуға тиiс. 

4. Дебиторлар өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзiмде ұсынбаған не дебиторлық берешек сомасы расталмаған жағдайда, салық органы көрсетілген дебиторларға салықтық тексеру жүргiзеді. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес. Дебиторлық берешек болмаған жағдайда дебитор өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісімен бір мезгілде салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешекті өтеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады. 

5. Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру, оның ішінде осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген қарсы тексеру актісінің және (немесе) ұсынылған сот шешімінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады. 

Дебитор мен салық төлеушi (салық агенті) арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банктік шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн ұсынған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады. 

6. Салық төлеушi – дебитордың екінші деңгейдегі банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы салық органы шығарған, осы Кодекстiң 122-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi. 

Бұл ретте дебитордың бірнеше екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан ақшаны инкассалық өкiмде көрсетілген сомадан асатын мөлшерде есептен шығарған жағдайда, артық есептен шығарылған соманы салық органы дебиторға оның өтініші негізінде қайтарады.  

7. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін осы бапта айқындалған тәртіппен оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес дебитор жатқызылған тәуекел деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады. 

Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...121 122 123 124 125 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться