< ҚР Салық кодексi

Ст. 194 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Салық кодексi
194-бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидалары

1. Бөлек салықтық есепке алу – жалпыға бірдей белгіленгенге қарағанда осы Кодекспен өзге салық салу шарттары көзделген, мынадай бөлінетін санаттар:  

қызметтің түрі немесе түрлерінің жиынтығы; 

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт; 

рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, суландырылған, шағын дебитті және игерілген санаттарға жатқызылған кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі); 

сенімгерлік басқару шарты немесе сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдай; 

бірлескен қызмет туралы шарт; 

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым; 

кірістің түрі; 

құрылыс объектісі бойынша жеке салықтардың белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алу болып табылады. 

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу шарттарына қарағанда өзге салық салу шарттарына салықтың сомасын азайту, салық салудан босату, арнаулы салық режимiн қолдану да жатады. 

Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекспен бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі талаптар белгіленген бөлінетін санаттар бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіруге құқылы емес. 

2. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте көзделген жағдайларда бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті. 

Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды: 

бірлескен қызмет туралы шарт бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі; 

сенімгерлік басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлік басқарушы жүргізуге міндетті. 

3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер пайда болған кезде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміндегі салықтық міндеттемелерден жеке жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті. 

4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы кірістер мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай кірістер мен шығыстарды осы Кодекспен салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген бөлінетін санаттар мен өзге де қызмет арасында бөлу әдістерін өзі дербес белгілейді. 

5. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 723-бабында айқындалған тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен жеке келісімшарттық қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті. 

6. Туынды қаржы құралдарымен операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды. 

7. Салық төлеушілер (салық агенттері) бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде жүргізеді. 

8. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде: 

1) өзге қызметтен жеке әрбір бөлінетін санат бойынша – осы Кодекспен бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы талап белгіленген салықтарды есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді; 

2) тұтастай бүкіл қызмет бойынша – осы Кодекспен бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы талап белгіленбеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді; 

3) мыналарды: 

корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны; 

жеке табыс салығы бойынша декларацияны; 

осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша декларацияны қоспағанда, тұтастай бүкіл қызмет бойынша – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынуды; 

4) мыналарды: 

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимi қолданылатын кіріс түрлері бойынша – оңайлатылған декларацияны; 

тіркелген шегерім пайдаланыла отырып, арнаулы салық режимi қолданылатын кіріс түрлері бойынша – тіркелген шегерімі бар декларацияны; 

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түсетін кірістер бойынша – бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны; 

кірістің өзге түрлері бойынша – корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке ұсынуды; 

5) тұтастай бүкіл қызмет бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген жағдайларда әрбір бөлінетін санат бойынша оған тиісті қосымшаларды ұсынуды; 

6) мыналар: 

осы Кодекстің 411-бабында көзделген қызмет бойынша; 

өзге де қызмет жөнінде қосылған құн салығы бойынша жеке декларацияны ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті. 

Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...192 193 194 195 196 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться