< ҚР Салық кодексi

Ст. 195 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
195-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің жалпы қағидаттары

1. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады: 

1) жалпы кірістер мен шығыстар – бөлінетін санат бойынша қызметті және өзге қызметті жүзеге асырумен бір мезгілде байланысты болатын және олардың арасында бөлуге жататын жалпы тіркелген активтер бойынша кірістер мен шығыстарды қоса алғанда, есепті салықтық кезеңдегі кірістер мен шығыстар; 

2) жалпы тіркелген активтер – бөлінетін санат бойынша қызметті және өзге қызметті жүзеге асырумен бір мезгілде байланысты болатын және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшелігіне қарай нақты бөлінетін санатпен немесе өзге қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы жоқ тіркелген активтер; 

3) жанама кірістер мен шығыстар – есепті салықтық кезеңдегі кірістер мен шығыстар, оның ішінде бірнеше бөлінетін санатпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және осындай санаттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша кірістер мен шығыстар; 

4) жанама тіркелген активтер – пайдаланудың өзіндік ерекшелігіне қарай бірнеше бөлінетін санатпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер; 

5) тікелей кірістер мен шығыстар – нақты бөлінетін санатпен немесе өзге қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша кірістер мен шығыстарды қоса алғанда, есепті салықтық кезеңдегі кірістер мен шығыстар. 

2. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында салық төлеушінің барлық кірісі мен шығысы тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді. 

Салық төлеуші (салық агенті) кірістер мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызметтің өзіндік ерекшелігін негізге ала отырып, өзі дербес жүзеге асырады. 

Тікелей кірістер мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар бөлінетін санатқа немесе өзге қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс. 

Жалпы кірістер мен шығыстар бөлінетін санат пен өзге қызмет арасында бөлуге жатады және себеп-салдарлық байланысы бар сол бөлінетін санат пен өзге қызметтің кірістері мен шығыстарына тиісті үлесте жатады. 

Жанама кірістер мен шығыстар бөлінетін санаттар арасында ғана бөлінуге жатады және себеп-салдарлық байланысы бар сол санаттың кірістері мен шығыстарына тиісті үлесте жатады. 

Жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлу осы баптың 4-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.  

3. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша бөлінетін санат пен өзге қызмет арасында бөлуге – салық төлеуші осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстар, оның ішінде амортизация бойынша шығыстар және бұдан кейінгі шығыстар жатады. 

Сыйақылар бойынша жалпы және жанама шығыстар бойынша – осы Кодекстің 246-бабына сәйкес айқындалған, осындай сыйақылар бойынша шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады. 

Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша салық төлеушінің бөлінетін санатына және өзге қызметіне жатқызылмайтын болса, салықтық кезеңде оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде алынған қорытынды (сальдоланған) нәтиже бағамдық айырма бойынша бөлуге жатады. 

Жалпы немесе жанама шығыстар ретінде шегерімдерге жатқызылуға тиіс салықтар оларға тиісті салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бөлінбей, осы баптың 4-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлуге жатады. 

4. Салық төлеуші (салық агенті) әрбір бөлінетін санат пен өзге қызмет үшін жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлуді салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдісі негізінде, қызметтің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оның ішінде: 

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде алған тікелей кірістердің жалпы сомасындағы, әрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей кірістердің үлес салмағы бойынша; 

2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде жұмсаған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы, әрбір бөлінетін санатқа және өзге қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша; 

3) мына баптардың бірі бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша – салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде жұмсаған осы бап бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы, әрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекке ақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша; 

4) салық төлеуші (салық агенті) жұмыскерлердің жалпы орташа тізімдік санына бөлінетін санат пен өзге қызмет бойынша қызметке қатысатын жұмыскерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;  

5) өзге де әдістерді ескере отырып, өзі дербес жүргізеді. 

Жалпы және жанама кірістер мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің салық төлеуші (салық агенті) айқындайтын саналуан әдістері қолданылуы мүмкін. 

Жалпы және (немесе) жанама кірістер мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу үшін жоғарыда көрсетілген әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың мәнін салық төлеуші (салық агенті) жүзден бір (0,01%) үлеске дейін пайызбен айқындайды. 

Егер салықтық есепке алу саясатында жалпы кірістер мен шығыстарды бөлу әдісі белгіленбесе, онда салық органдары салықтық тексеруді жүргізу барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген әдіс негізінде осындай кірістер мен шығыстарды бөлуді жүзеге асырады.  

5. Салық төлеушінің қызметі бойынша тұтастай корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде қандай да бір бөлінетін санат бойынша шеккен залалдар ескерілмейді, салық төлеушінің оларды осы Кодекстің 300-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салықтық кезеңдерде осындай бөлінетін санат бойынша қызметтен алған кірістердің есебінен ғана өтеуге құқығы болады.

Статья 1 ...193 194 195 196 197 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться