< ҚР Салық кодексi

Ст. 213 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
213-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде: 

1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға; 

2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға; 

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқығы бар. 

Салық төлеуші (салық агенті) өзінің тұрған жері бойынша салық органына: 

1) қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтінішті ұсынады. 

Салықтық өтініш: 

қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – алдағы кезеңге; 

қызметті қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады; 

2) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтық есептілікті ұсынады.  

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі салықтық өтініш ұсынылғаннан кейін басталатын болса, онда осындай есептілікті ұсыну салықтық өтініш ұсынылатын күнге дейін жүргізіледі; 

3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады.  

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды ескергенде, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту жалпы мерзім ескеріле отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады. 

2. Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті. 

3. Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбау үшін негіз болып табылады. 

4. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту салық төлеушіде (салық агентінде): 

1) өтініш берілген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек; 

2) мыналарды: 

талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салықтық есептілікті; 

осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынбау фактісі; 

3) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес салық органының әрекетсіз деп тану фактісі; 

4) салық органы жіберген, орындалмаған хабарламалар болған жағдайларда қабылданады. 

5. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда, салықтық есептілік осы Кодексте айқындалған тәртіппен ұсынылады. 

6. Қызметті тоқтата тұру кезеңінде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпестен, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін қызмет қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін, осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметтің қайта басталуы деп танылады. 

7. Осы баптың ережелері: 

1) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерге; 

2) ойын бизнесі салығын төлеушіге; 

3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге; 

4) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне);  

5) мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 213-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...211 212 213 214 215 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться