< ҚР Салық кодексi

Ст. 424 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
424-бап. Салық декларациясы

1. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей әрбір салықтық кезең үшін ұсынуға міндетті. 

Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды. 

Осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша қосылған құн салығы декларациясын ұсынады. 

2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері ұсынылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысандарын уәкілетті орган белгілейді. 

Шот-фактуралардың нөмірлерін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны: 

1) есепті салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттарды); 

2) есепті салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін электрондық нысанда ұсынған кезде шектелмейді. 

Егер қосылған құн салығын төлеуші: 

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі; 

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі. 

Егер қосылған құн салығын төлеуші: 

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана жазып берген жағдайда, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды; 

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алған жағдайда, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды.  

3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Осы Кодекстiң 85-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші осындай есептен шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салықтық кезеңнің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін жасалады. 

Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 85-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында, 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды. 

5. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес салықтық есептілікті ұсынады. 

Ескерту. 424-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...422 423 424 425 426 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться