< ҚР Салық кодексi

Ст. 510 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Салық кодексi
510-бап. Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету

1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар. 

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады. 

Бұл ретте жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға жатады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды. 

2. Мына төлеушiлер жер салығын есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады: 

1) осы Кодекстiң 290-бабының 3-тармағында және 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар; 

2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 708-бабында көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша; 

3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар – осы Кодекстің 712-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша. 

4) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен;

5) инвестициялар туралы келісім жасасқан және осы Кодекстің 80-1-тарауының ережелерін қолданатын тұлғалар – инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша. 

3. Мына төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентiн қолданады: 

1) балаларды сауықтыру мекемелері – осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің балаларды сауықтыру жөніндегі өздерінің қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша; 

2) негiзгi қызмет түрi ормандарды өртке қарсы жайластыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстардың өсімін молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері осы қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша; 

3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері балықты ұдайы молайту жөніндегі қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша; 

4) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындары; 

5) технологиялық парктер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша. 

Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін технологиялық парктер қолдануға құқылы: 

мұндай технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған; 

осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі; 

6) осы Кодекстің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген діни бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған коммерциялық емес ұйымдар; 

7) осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар – осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша. 

4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының және 3-тармағы 4), 6) және 7) тармақшаларының ережелері жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілгеннен, өзге де негіздерде пайдалануға берілгеннен түскен кіріс мемлекеттік бюджеттің есебіне жатқызылатын жағдайды қоспағанда, жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін (ондағы ғимараттармен, құрылыстармен, құрылысжайлармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген, өзге де негіздерде пайдалануға берген немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдаланған жағдайларда қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған кезде: 

салық төлеушілер салық салу объектілерін бөлек-бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті; 

жер учаскесінің бөлігі бойынша жер салығының мөлшері осындай учаске бөлігі алаңының бүкіл жер учаскесінің жалпы алаңына үлестік салмағы бойынша айқындалады.  

Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

62-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

Статья 1 ...508 509 510 511 512 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться