< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 11-2 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
11-2-бап. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн иеленетін банктердiң еншiлес ұйымдары және қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәндi және үмiтсiз активтерді иеленетін ұйым

Ескерту. 11-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы. 

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым құруға (иеленуге) құқылы.  

Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе иелену нәтижесінде банкте осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда, осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі. 

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ банктердің күмәнді және үмітсіз активтері және (немесе) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген банктің күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталына салым болуы мүмкін. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті. 

2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін жұмсалатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті. 

3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын ұйым: 

1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге және өткізуге; 

2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иеленуге және өткізуге; 

3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда, оларды иеленуге және өткізуге; 

4) мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл нысанасы, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға; 

5) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. 

4-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы. 

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы шарттарды тіркеу журналында құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың барлық шарттарын тіркейді және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында берілуі көзделген қабылданатын және өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.  

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде: 

тараптардың келісімі бойынша өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары осы Заңның 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі; 

өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;  

борышкерден өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына беретін болып, қабылдауға; 

бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға; 

құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын, сервистік компания ретінде әрекет ететін банктің еншілес ұйымына сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді). 

Қарыз алушы және (немесе) оның өкілі: 

1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, оның орналасқан жері, онда қарыз алушының дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді алуға; 

2) жүгіну себептерін негіздей отырып, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын банктің еншілес ұйымына банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты көрсетілген шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

4-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, 5-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде қарыз алушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті. 

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған не сот бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда: 

1) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде: 

өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты негізінде, өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданған не сот оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге; 

құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жасалған барлық шарттарын бұзуға міндетті. 

Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті; 

2) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы: 

құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды; 

өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді мына тәсілдердің бірімен: 

бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының борышкерлермен байланыстарға арналған телефон нөмірлерінен телефонмен сөйлесу арқылы; 

жеке кездесулер арқылы; 

борышкер – жеке тұлғаға тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, борышкер – заңды тұлғаға орналасқан жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар арқылы; 

ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дауыстық және өзге де хабарлар арқылы; 

Интернет желісі арқылы хабардар етуге міндетті. 

5. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ: 

1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі; 

3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі. 

5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 2), 3) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріледі. 

Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. 

6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға: 

1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер; 

2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады. 

7. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және банк талап ету құқықтарын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген банктің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады. 

8. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Рұқсатты қайтарып алған жағдайда осы Заңның 11-1-бабының 13-тармағының екінші бөлігінде көзделген салдар басталады. 

Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру


Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...11 11‑1 11‑2 12 13 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться