< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 16-3 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
16-3-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген шарт сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттан бөлек, мынадай қосымша шарттарды сақтауға міндетті: 

1) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында уәкілетті орган осы Заңда көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ереже қамтылады; 

2) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында төлемге қабілетсіз банкке осы Заңда көзделген оны реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ереже қамтылады. 

3. Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз резидент-банкінің міндеттемелері осы Заңда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп қайта құрылымдалған жағдайда, осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банкіне және (немесе) шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырған кезінде ұйымға қолданылмайды. 

4. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырған Қазақстан Республикасының резидент-банкі уәкілетті органды "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы хабардар етеді. 

Ескерту. Заң 16-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16‑1 16‑2 16‑3 17 17‑1 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться