< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 26 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау

Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен бередi. 

Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді. 

Осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарына ғана береді. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болған кезде береді. 

Уәкiлеттi орган лицензияны беру немесе қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы. 

Лицензияны беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 

2. Банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге және уәкілетті органға банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс. 

Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді. 

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді. 

2-1. Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғаларының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 

1) өтініш; 

2) өтініш беруші жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі; 

3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; 

4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары; 

5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер; 

6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі; 

7) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі; 

8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар. 

2-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар; 

2) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар; 

3) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің қалыптастырылғанын растайтын құжат; 

4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер. 

2-3. Уәкілетті орган "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға және уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс. 

3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін: 

1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге; 

2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге; 

3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.  

4. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс. 

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. 

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. 

6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi. 

7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды. 

8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. 

9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің интернет-ресурсында орналастырылады. 

10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады. 

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться