< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 31 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар

1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы. 

1-1. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесi бекiтуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер:  

1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердің шектi сомалары мен мерзiмдерi; 

2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шектi шамасы;  

3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары; 

4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; 

5) банк операцияларын жүргiзуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасы; 

6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері; 

7) банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі; 

8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi; 

9) ислам банкiнiң және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер; 

10) клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ереже; 

11) банктің директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс. 

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс. 

2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерді ислам банкінің директорлар кеңесі осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекітеді. 

3. Банкiнiң iшкi ережелерi: 

а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн; 

б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн; 

в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн; 

г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс. 

4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі – банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады. 

Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс. 

Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді. 

Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154 , 1999.07.16 № 436 , 2003.05.16 № 416 , 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...29 30 31 31‑1 32 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться