< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 69 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
69-бап. Ерiктi тарату

1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.  

Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару осы Заңның 30-бабы 13-тармағының үшінші бөлігінде көзделген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады. 

Банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарудың, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аударудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.  

Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.  

2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.  

Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды. 

2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің бірі: 

1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісті түрде ресімделмеуі; 

2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы; 

3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы бойынша жүргізеді. 

3. (алып тасталды)

4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады.  

Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 

4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.  

5. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi. 

6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен банктi тарату туралы есеп бекiтілгеннен кейiн жетi күн мерзiмде оларды Корпорацияға және уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. 

Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.  

7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.  

7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.  

Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.07.16. № 436 , 2001.03.02. № 162 , 2003.07.10. № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...68 68‑1 69 70 71 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться