< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 74-2 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
74-2-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі

Ескерту. 74-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады. 

2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі. 

3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс: 

1) бірінші кезекте: 

жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру арқылы өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін өздерінің алдында мәжбүрлеп таратылатын банк жауапты болатын жеке тұлғалардың талаптары;  

мәжбүрлеп таратылатын банктің басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу мен оларға өтемақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады; 

2) екінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілетін депозиттер бойынша төлеген (төлейтін) өтем сомасы бойынша және банк мүлкінің мөлшері мен мәжбүрлеп таратылатын банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы орны толтырылған айырманың сомасы бойынша талаптары қанағаттандырылады; 

3) үшінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кепіл мүлкінің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын мәжбүрлеп таратылатын банк орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасасқан және орындамаған мәмілелер нәтижесінде туындаған осы клирингтік ұйымның талаптары қанағаттандырылады. Кепілге қойылған мүліктің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сақтандыру төлемі алынған жағдайда, кепілді кредиторлардың талаптары сақтандыру төлемімен жабылған бөлікте қанағаттандыруға жатпайды. Кепілге қойылған мүлік жоғалған жағдайда, осы талаптардың өтелмеген бөлігі сегізінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс; 

4) төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады; 

5) бесінші кезекте тек қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің ұйымдарымен және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, мүгедектігі бар адамдардың басқа да ұйымдарымен олардың банктік шоттардағы және депозитке орналастырылған қаражаты бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады; 

6) алтыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады; 

7) жетінші кезекте салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген қарыздарды қайтару жөніндегі берешек өтеледі; 

8) сегізінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың оған үшінші кезекке сәйкес жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын бөліктегі талаптары қанағаттандырылады; 

9) тоғызыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын кредиторлардың – жеке және заңды тұлғалардың депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша өтем есебінен жаппаған сома бөлігіндегі талаптары қанағаттандырылады;  

10) оныншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банктің субординарлық борышы және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. 

4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.  

Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.  

Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.  

Ескерту. 74-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...74 74‑1 74‑2 74‑3 74‑4 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться