< Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Ст. 21 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
21-бап. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

1. Химиялық өнімді өндіру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаны қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар белгіленуге тиіс.

2. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің сатыларында еңбек ететін персоналдың қажетті біліктілігі, қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы білімі болуға, бақылау мен қорғаудың қажетті құралдарымен қамтамасыз етілуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен химиялық өніммен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты болуға тиіс.

3. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті химиялық өнімнің әсер ету қатерін болғызбайтын еңбекті қорғаудың тәсілдері мен әдістерін пайдалану;

2) жеке гигиенаның қажетті құралдарын, жеке қорғану құралдарын беру;

3) ескертпелік таңбаланымдарды пайдалану;

4) персоналды химиялық өніммен қауіпсіз жұмыс істеудің шараларымен таныстыру;

5) авариялық жағдайларды болғызбау және жою жөнінде шаралар әзірлеу шарттары сақталуға тиіс.

4. Өтінім берушілер (өндірушілер, өнім берушілер, импорттаушылар) қауіпті немесе ықтимал қауіпті химиялық өніммен жұмыс істейтін персоналды алдын ала және мерзімді медициналық қарап-тексерумен және оқытумен қамтамасыз етуге тиіс.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...25
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться