< Жеке кәсiпкерлiк туралы

Ст. 5 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124


Утратил силу

Жеке кәсiпкерлiк туралы
5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

2. Реттегіш құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:

1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;

2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшада көзделген салаларында ғана жүзеге асырылады;

3) ақпараттық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен ғана енгізіледі.

3. Реттеушілік әсерді талдауға:

1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;

2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары;

3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары;

4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

5) ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобалары;

7) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары жатады.

4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі консультативтік-кеңесші орган – Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады.

Жаңа реттегіш құралды енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...3 4 5 5‑1 6 ...51
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться