< Бағалы металдар мен асыл тастар туралы

Ст. 1 Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

 

1) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі;

 

2) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;

 

3) асыл тастарды сәйкестендіру – асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу;

 

4) атаулы таңба – бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі;

 

5) аффинаждау – бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе құрауыштардан тазалау, бағалы металдарды ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу процесі;

 

6) аффинирленген алтын – аффинаждау нәтижесінде құймалар, тілімдер, түйіршіктер және ұнтақтар түрінде алынған алтын;

 

7) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

 

8) бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлері – осы нақты кен орнындағы бағалы металдың басым бөлшектерінен өз мөлшері бойынша бірден ерекшеленетін және массасы 0,3 грамнан асатын, бағалы металдардың минералды шикізатынан бөлініп алынған, ішкі және сыртқы нарықтардағы айналысқа, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени мақсаттарда пайдалануға арналған бағалы металдардың саф түрлері;

 

9) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары – жөнделмейтін ақауды қоса алғанда, бағалы металдарды алу мақсатында кейіннен қайта өңдеу үшін пайдалануға болатын, жарамсыз болып қалған, пайдаланылу құндылығын жоғалтқан немесе жоюға жататын, құрамында бағалы металл бар бұйымдар және (немесе) олардың құрауыш бөліктері, сондай-ақ техникалық және тұрмыстық мақсаттағы өнімді өндіру және пайдалану кезінде түзілген, құрамында бағалы металл бар материалдардың, металлургиялық өндірістің аралық өнімдерінің қалдықтары;

 

10) бағалы металдарды өндіру – құрамында бағалы металдар бар өндірілген кешенді кендерден, концентраттардан және басқа да жартылай өнімдерден, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарынан бағалы металдарды алу, сондай-ақ бағалы металдарды аффинаждау;

 

11) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

 

12) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

 

13) бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы – бағалы металдар мен асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру, әкелу, әкету, олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау, мемлекеттің аффинирленген алтынды басым құқық шеңберінде сатып алуы, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды инвестициялық және басқа да мұқтаждар үшін қолдану;

 

14) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілері – зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

 

15) инвестициялық алтын – мынадай шарттарға сәйкес келетін алтын:

 

алтын монеталар үшін:

 

мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы болмайды;

 

алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінің 900 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900 промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді).

 

Бұл ретте алтын монета мынадай шарттардың біріне сәйкес болған кезде:

 

1800 жылға дейін соғылған;

 

"пруф" (proof) сапасымен бетінің айнадай болып шығуын қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;

 

шығарылымының таралымы 1000 данадан аспаған;

 

оның нарықтық бағасы монета құрамындағы алтын құнының 80 пайызынан асқан жағдайда, оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады.

 

Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы белгілеген (белгіленген) алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күні белгіленген валюта айырбасының нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.

 

Қалған алтын үшін:

 

мұндай алтын аффинирленген болып табылады (мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесінің 995 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді);

 

мұндай алтын ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келеді, өлшеуіш немесе стандартты құйма және (немесе) тілім түрінде дайындалып, мынадай таңбалау салынады:

 

стандартты құйма және (немесе) тілім үшін:

 

сериялық нөмірі (дайындалған жылы қамтылуы мүмкін);

 

дайындаушының тауар белгісі;

 

алтынның тазалығы (массалық үлесі);

 

егер сериялық нөмірге енгізілмеген болса, дайындалған жылы;

 

өлшеуіш құйма үшін:

 

металдың атауы;

 

дайындаушының тауар белгісі;

 

алтынның тазалығы (массалық үлесі);

 

құйманың массасы;

 

16) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;

 

17) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндері – құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау мақсатында белгіленетін, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан өнеркәсіптік алу мүмкіндігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіру субъектілері құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау үшін пайдаланылатын зиянды қоспалардың жол берілетін барынша жоғары құрамы және бағалы металдардың ең аз құрамы;

 

18) өңделмеген табиғи алмас – табиғи күйдегі, өңделмеген және (немесе) ішінара өңделген (шағылған, арамен тілінген, рундист жағылған) алмас;

 

19) сынама – бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны;

 

20) сынамалау – бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;

 

21) сынамалық таңба – зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі;

 

22) таңбалау – зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;

 

23) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

 

24) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.

 

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...15
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться