< Дене шынықтыру және спорт туралы

Ст. 13-1 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті

1. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады. 

2. Ұлттық паралимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес және Халықаралық паралимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық паралимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесе отырып, қолдау көрсетеді. 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті: 

1) мемлекетте паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді; 

2) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді; 

3) Халықаралық паралимпиада комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді; 

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді; 

5) Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады; 

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық паралимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы; 

7) паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады. 

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитетіне тиесілі паралимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, "Паралимпиадалық ойындар", "Паралимпиада ойындары" деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық паралимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді. 

5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады. 

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады. 

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды меншікті қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады. 

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы. 

Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.05.2017 № 65-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.12.2019 № 280-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 13‑1 13‑2 14 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться