< Дене шынықтыру және спорт туралы

Ст. 13 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi

1. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс мақсаты олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық олимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады. 

2. Ұлттық олимпиадалық қозғалысты қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасына, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес және Халықаралық олимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi басқарады. Мемлекет ұлттық олимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне өзінің жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды. 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi: 

1) мемлекетте олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді; 

2) Олимпиада ойындарында және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Қазақстан Республикасын білдіреді; 

3) Халықаралық олимпиада комитетінде Қазақстан Республикасын білдіреді; 

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi; 

5) Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының спортшыларын қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады; 

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық олимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы; 

7) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және олимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады. 

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитетіне тиесілі олимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, "Олимпиадалық ойындар", "Олимпиада ойындары" деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің олимпиадалық эмблемасына, девизіне, туына және өзге де ұлттық олимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді. 

5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Олимпиада ойындарында және Халықаралық олимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы астында жүзеге асырылады. 

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады. 

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды өзінің қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады. 

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.05.2017 № 65-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 13‑1 13‑2 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться