< Дене шынықтыру және спорт туралы

Ст. 15 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт

1. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес оқу уақытында және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Дене тәрбиесi: мектепке дейiнгi ұйымдарда – аптасына кемiнде үш сағат, жалпы бiлiм беретiн мектептерде – аптасына кемiнде үш сағат, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – аптасына кемiнде төрт сағат, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында бірінші және екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде төрт сағат көлемінде жүргiзiледi.

Денсаулығы нашар білім алушылар мен тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады.

Дене мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар мен тәрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру мен спорт құралдарын пайдалана отырып айналысады.

Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі сабақтарында дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті қолдану көзделеді.

Дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бар білім алушылар дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақты алтыншы бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Мектепке дейiнгi білім беру ұйымдары, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дене тәрбиесiмен айналысу мақсатында дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, оларды спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғаларға мектеп жасына дейiнгi балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдеседi.

4. Сабақтан тыс уақытта спортпен айналысу үшiн спорт клубтары, секциялар мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың қатарына әртүрлі спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жеткіншектер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.

5. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт резервін даярлау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жалпы білім беретін мектептер базасында тереңдетілген оқу-жаттығу процесі негізінде әртүрлі спорт түрлері бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілердің спорттық даярлығын жүзеге асыратын мамандандырылған спорт сыныптары мен топтары құрылады.

6. Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде спортшыларды даярлау білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

7. Білім беретін оқу орындарында спортшыларды даярлау дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға, бағдарламалар мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

8. Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және басқа да білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі үшін қажетті жағдайлар жасау жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

9. Білім беру ұйымдарында студенттік және мектеп спортын дамыту мақсатында спорт клубтары, студенттер және оқушылар лигалары, білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында спорт түрлері бойынша федерациялар құрылуы мүмкін.

10. Студенттік және мектеп спорты саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар студенттік және (немесе) мектеп спорты лигасының мүшелері болуы мүмкін.

11. Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер және оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2020 № 395-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13‑2 14 15 16 17 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться