< Дене шынықтыру және спорт туралы

Ст. 35 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары

Ескерту. 35-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.12.2019 № 280-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Бірыңғай спорттық сыныптама спортшыларға мынадай спорттық атақтар, разрядтар және жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақ көздейді: 

1) спорттық атақтар: 

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері"; 

"Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері"; 

"Қазақстан Республикасының спорт шебері"; 

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы"; 

2) спорттық разрядтар: 

"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат"; 

1-разрядты спортшы; 

2-разрядты спортшы; 

3-разрядты спортшы; 

1-жасөспірімдік разрядты спортшы; 

2-жасөспірімдік разрядты спортшы; 

3-жасөспірімдік разрядты спортшы. 

2. Әскери қызметшілерге мынадай дәрежелер беріледі: 

1) "Үздік"; 

2) 1-дәрежелі "Спортшы жауынгер"; 

3) 2-дәрежелі "Спортшы жауынгер". 

3. Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорттық разрядтарды, біліктілік санаттарын және дәрежелерді беру нормалары мен талаптарын – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары белгілейді. 

4. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне мынадай біліктілік санаттары беріледі: 

1) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға: 

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;  

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы; 

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы; 

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;  

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы; 

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы; 

2) әдіскерлерге: 

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер; 

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер; 

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер; 

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер; 

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер; 

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер; 

3) нұсқаушы-спортшыларға: 

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы; 

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы; 

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы; 

4) спорт төрешілеріне: 

жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі; 

ұлттық спорт төрешісі; 

бірінші санатты спорт төрешісі; 

спорт төрешісі. 

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.12.2019 № 280-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...33 34 35 35‑1 36 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться