< Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы

Ст. 19 Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы
19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы: 

1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға; 

2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға; 

3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы:  

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға; 

2) міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті ақпаратты Қорға беруге; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге; 

4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзіне тиесілі Қор акцияларын иеліктен шығаруды жүргізуге; 

5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге; 

5-1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айырғаны және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізгені туралы Қорды хабардар етуге; 

6) алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;

7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. 

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қосымша жарналарды төлеуге міндетті. 

3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.  

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17‑5 18 19 20 21 ...24
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться