< Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы

Ст. 11 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы
11-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi)мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 

1) заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі; 

2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы; 

3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса; 

4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса; 

4-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса; 

4-2) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса; 

4-3) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса; 

4-4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса; 

4-5) егер мемлекеттік тіркеу кезінде, мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алулар туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан астам берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса; 

4-6) егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесін иеліктен шығаратын тұлғалар атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса; 

5) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы; 

6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы. 

7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге үзіледі. Егер мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу әрекеттерінен бас тартылады. 

Өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен тіркеуші органға өтініш жасауға құқылы. 

Бұл ретте кері қайтарып алынған өтінішті қарау тоқтатылады. 

Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi. 

Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту филиалды (өкiлдiктi) есептік тіркеудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады. 

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi. 

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік (есептік) тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төленген тіркеу алымын қайтару Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі. 

Мемлекеттік тіркеуден (қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...19
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться