< Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы

Ст. 10 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:  

1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады; 

2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;  

3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi; 

4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 

5) алып тасталды;

6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;  

7) банктердiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының тiзiлiмiн жүргiзедi;  

8) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешім қабылдайды; 

9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;  

9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;  

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген барлық немесе жекелеген операцияларды жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды; 

10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды; 

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 № 139, 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9‑2 9‑3 10 10‑1 11 ...17
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться