< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Ст. 22-1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
22-1-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізу

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып: 

1) төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою кезінде жүргізілетін іс-шараларға тартылған кемелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым жобаларды іске асыру шеңберінде тартылған кемелерге; 

2) өздерінің салмақтық және (немесе) габариттік өлшемдері бойынша рұқсат етілген нормалардан асатын және автомобиль өткізу пункті арқылы жүріп өте алмайтын, жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу тікелей өткізу пунктіне іргелес жатқан жергілікті жердің учаскесінде жүзеге асырылады; 

3) өткізу пунктінің инфрақұрылымы белгіленген бақылау түрлерін жүргізу үшін қажетті уақытқа теміржол көлігі құралдарының аялдау мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін не өткізу пунктін ашу экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайларда, теміржол көлігі құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу қажетті инфрақұрылымы бар, өткізу пунктіне жақын станцияда не жүру жолында жүзеге асырылады; 

4) Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталықтары шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ шегінде қызметтік міндеттерді шешу үшін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу олардың орналасуына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы аумақтық құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қойған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесіне ұсынылған тізімдер негізінде қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 3-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21 22 22‑1 23 24 ...80
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться