< Мемлекеттiк мүлiк туралы

Ст. 200 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Мемлекеттiк мүлiк туралы
200-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу

1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік мүлікті басқаруға және оның сақталуына бақылау жасауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланады. 

2. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеушілік немесе құқық куәландырушылық мәні болмайды. 

3. Мемлекеттік мүліктің тізілімін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құқықтық кадастр деректері, сондай-ақ жер ресурстарын басқару, мемлекеттік статистика, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері базасында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қалыптастырады және жүргізеді. Бұл деректер мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда, көлемде және кезеңділікпен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берілуге жатады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу кезінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объектілері бөлек есепке алуға жатады. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі мемлекеттік мүлік тізілімінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының есепке алуына жатады. 

5. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесі кіреді. Мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта тіркеу, атауларын өзгерту мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алынуға жатады. 

6. Мемлекеттік заңды тұлғалар есепке алу объектілері деректерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілуін, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай мерзімде, бірыңғай әдістеме және деректер пішімі бойынша мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік мүлікті түгендеу мемлекеттік мүліктің нақты бар екенін анықтауды, сондай-ақ ескерілмеген және бекітіп берілмеген мемлекеттік мүлікті анықтауды және оны одан әрі мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп беруді қамтамасыз етуге тиіс. 

7. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері мемлекетке тиесілі. 

8. Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланушылар болып табылады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді. 

9. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор: 

1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, ендіру және жаңғырту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады; 

2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 

3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының жұмыс істеуін және оны қолдап отыруды қамтамасыз етеді; 

4) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді; 

5) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушылардың мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді; 

6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді; 

7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функциясын жүзеге асырады; 

8) мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу объектілері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 

9) мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі, тізбесін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады; 

9-1) уәкілетті органның лицензиясынсыз аударым операцияларын: электрондық нысанда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, сауда-саттықты жүргізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады; 

10) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтерін тиісінше пайдалану жай-күйінде ұстайды; 

11) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлкін басқару және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жекеше әріптестерге берілген активтерін мониторингтеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;  

12) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтері жөнінде мәліметтер енгізеді. 

Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұқсас функцияларды орындау үшін айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жүзеге асыруға құқылы. 

Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында айқындалады. 

10. Мемлекеттік мүліктің тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 200-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...198 199 200 201 202 ...220
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться