< Мемлекеттiк мүлiк туралы

Ст. 74 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Мемлекеттiк мүлiк туралы
74-бап. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)шарты

1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына осы бапта, осы Заңның 114-бабының 4-тармағында, 120, 145-баптарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады. 

2. Жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі болуы мүмкін. 

3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. 

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді. 

4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беруші (жалға беруші) бола алады. 

Мемлекеттік мүлікті пайдалану құқығы мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым ретінде берілуі мүмкін. 

5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптары осы Заңда айқындалған шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік шартпен айқындалады. 

6. Алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

7. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты осы Заңның 105, 106, 120, 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) жалдауға (жалға алуға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талапты көздеуі мүмкін. 

8. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 401 - 404, 556-баптарының қағидалары бойынша жүзеге асырылады. 

Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген мемлекеттік мүліктің нысаналы мақсатта пайдаланылмауы шартты елеулі түрде бұзу және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген қағидалар бойынша шартты бұзу үшін негіз болып табылады. 

9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмайтын жақсартудың құны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi. 

10. Мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беруге арналған шартты жасасудың ерекшеліктері "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. 

Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. 

Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. 

Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. 

Егер тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда, шарт бұзылды деп есептеледі. 

Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...220
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться