< Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Ст. 12 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері

1. Мұнай өнімдерін өндірушілер: 

1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнімдерін өткізуді тең қолжетімділік және кемсітпеушілік шарттарымен жүзеге асыруға; 

2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге; 

3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге және жүзеге асыруға; 

4) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға және осы кестені бұзбауға;  

7) мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынуға; 

8) мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға; 

9) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда шикі мұнайдың, газ конденсатының, қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін және олардың сапасын растайтын құжаттар (сапа паспорты) болған кезде, оларды сатып алуға, қайта өңдеуге қабылдауға; 

11) технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отын көлемдерін есепке алуды жүргізуге; 

12) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алынатын және технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отынды мұнай берушілерден сатып алуға міндетті. 

2. Осы баптың 1-тармағының 6), 8), 11) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды. 

3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге: 

1) оларды қайта өңдеу мақсатында алынған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізуге;  

2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге асыруға; 

2-1) қанықпаған мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүзеге асыруға; 

3) екі және одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына; 

4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға; 

4-1) белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыруға; 

5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға; 

6) жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) айналым саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыруға; 

7) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау құралдары арқылы өткізбей, жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жүзеге асыруға тыйым салынады. 

4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 11‑1 12 13 14 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться