< Азаматтық қорғау туралы

Ст. 38 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Азаматтық қорғау туралы
38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау процесінде бақыланады. 

3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға: 

1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы; 

2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары; 

3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы; 

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы; 

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары; 

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады. 

4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексеру нысанында жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. 

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні бақылау субъектісіне табыс етіледі. 

Бақылау субъектілері өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды сот мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзедi. 

5. Тәуекел дәрежесі төмен объектілер, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді. 

6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және тексерулерден босатылады. 

Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...109
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться