< Азаматтық қорғау туралы

Ст. 39 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Азаматтық қорғау туралы
39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау және газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау

Ескерту. 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған. 

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау: 

1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына; 

2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына; 

3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне; 

4) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына; 

5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне; 

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады. 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға: 

1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы; 

2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары; 

3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы; 

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы; 

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары; 

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы; 

7) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі және тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамы жатады. 

4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда, дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа талап қою арызын міндетті түрде бере отырып, тоқтата тұруға не тыйым салуға құқығы бар. 

Көрсетілген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы акт шығарылады және қауіпті өндірістік объектіні және (немесе) техникалық құрылғыны пломбалау жүргізіледі. 

Ресімделген акт қауіпті өндірістік объектінің басшысына немесе оның уәкілетті адамына қолын қойғызып табыс етіледі не хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі. 

Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы берілген акт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. 

Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы актінің талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 

Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады. 

Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...109
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться