< Бәсекелестiк туралы

Ст. 32 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
32-бап. Мемлекеттік монополия

1. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын Заңмен бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы.

2. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.

2-1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгiлеу қағидаларын монаполияға қарсы орган бекітеді.

 3. Мемлекеттік монополия субъектісіне:

1) тауарларды өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарлар өндіруге;

2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға;

3) мемлекеттік монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге;

4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға уәкілетті орган белгілеген бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.

Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейін технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беріледі.

4. Мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

4-1. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 3-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды монополияға қарсы орган осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік монополияны енгізген кезде мынадай талаптар сақталады:

1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс;

2) мемлекеттік монополия күшіне енгізілгеннен кейін осы тауарды алты ай мерзім бойы өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы;

3) нарық субъектілеріне мемлекеттік монополия енгізу салдарынан келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.

6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.

 Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
5-тарау. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттері, келiсiмдерi
 Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...81
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться