< Бәсекелестiк туралы

Ст. 39 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
39-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті

 Монополияға қарсы орган:

1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

1-1) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3) монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;

6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;

8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекелестікті болдырмайды және олардың жолын кеседі;

9) нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын әзiрлейді және бекітеді;

10) бәсекелестікті дамыту, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;

10-1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;

11) тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

12) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;

13) тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

14) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржы ұйымдарына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;

15) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;

16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені бекітеді;

17) нарық субъектілері, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізеді;

18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кіріс органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Заңда көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және алады;

19) нарық субъектілеріне нұсқамалар, оның ішінде:

осы Заңды бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

осы Заңға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;

20) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған осы Заңға қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;

21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;

21-1) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды жариялайды;

22) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

23) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

 24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша істің сотқа дейінгі тергеп-тексеруін жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;

24-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;

25) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

26) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;

26-1) жүргiзілетiн бәсекелестiк саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында монополияға қарсы органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;

26-2) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға бағаның сараптамасын жүргізеді;

26-3) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;

26-4) бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, реттелетін нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді;

27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі);  2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...37 38 39 40 40‑1 ...81
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться