< Бәсекелестiк туралы

Ст. 45 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
45-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы

1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:

1) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;

2) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін береді;

3) құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;

4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді.

2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттігі шегінде монополияға қарсы органмен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:

1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласында анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;

2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сауал салуы мен өтініштері бойынша:

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы   кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сауал салуына сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін монополияға қарсы органға жеткізу жөнінде шаралар қолданады;

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен монополияға қарсы орган табыс ететін қылмыстық жаза қолданылатын белгілері бар бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің материалдары бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайды, ол туралы монополияға қарсы органға хабарлайды;

монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.  
4-БӨЛІМ. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ 8-тарау. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы

  заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу
Статья 1 ...44 44‑1 45 46 47 ...81
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться