< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Ст. 6 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары

1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының:  

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;  

2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшін пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;  

3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне қарап-тексеру жүргізуге; 

4) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жою мақсатында арнайы құрылған бөлімшелермен іс-шаралар жүргізуге;  

5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргізу үшін көрсетілген өнімнің техникалық негізделген мөлшердегі үлгілерін алуға;  

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беруге;  

7) есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға;  

8) Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.  

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...38
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться