< ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы

Ст. 6 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен)және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимылы

1. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекітеді.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.

3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;

1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;

2) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;

4) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (22.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...33
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться