< Ғылым туралы

Ст. 19 Ғылым туралы 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Ғылым туралы
19-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер

1. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылым бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады. 

2. Ұлттық ғылыми кеңестердің негізгі міндеттері: 

1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру; 

2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау; 

3) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін, сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негіздемелелігін бағалау; 

4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттардағы қажеттіліктерін бағалау; 

5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асыру; 

6) алып тасталды - ҚР 31.03.2021 № 24-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

7) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылу мониторингінің қорытындыларын қарау, осындай есептер мен мониторингтің қорытындыларын қараудың нәтижелері бойынша шешім қабылдау болып табылады. 

3. Алып тасталды - ҚР 31.03.2021 № 24-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

4. Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарын уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік білікті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

5. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы: 

ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын; 

ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды; 

Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын; 

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын тиісті қаржы жылына арналып бекітілген бюджет шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) , осы Заңның 27-1-бабына сәйкес ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды. 

6. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс. 

7. Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етуге міндетті және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапты болады. 

8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдайды. 

9. Нақты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға және бағдарламаға (есептерге), оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізгені үшін сыйақыны, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мемлекеттік бюджеттен жүргізеді. 

10. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің құрылымына Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі кіреді. 

Ұлттық ғылыми кеңес мүшесінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексінің талаптары мен ережелерін бұзуы осы мүшені ұлттық ғылыми кеңестің құрамынан шығару үшін негіз болып табылады. 

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.03.2021 № 24-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 18‑1 19 20 21 ...31
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться