< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 121 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
121-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы

1. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдерді, жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттік сараптауға жатады. 

2. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы өндіруді пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана бастауға құқылы. Барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудің рентабельділігі туралы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы оларды мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады. 

3. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшері мен сапасын, олардың республика экономикасы үшін маңызын, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларын объективті бағалауға мүмкіндік берген жағдайда мемлекеттік сараптама кен орнын геологиялық зерттеудің кез келген сатысында жүргізілуі мүмкін. 

4. Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттік сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерін жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама жүргізгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. 

5. Жер қойнауына мемлекеттік сараптаманы геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнаулы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар жүзеге асырады. 

6. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясының және пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті мен іс қағаздарын жүргізуі индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады. 

7. Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. 

Ескерту. 121-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...119 120 121 122 123 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться