< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 48 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім

1. Конкурсқа қатысу үшін өтінімде: 

1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер; 

2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтініш берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер; 

3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер; 

4) өтініш беруші соңғы үш жылда оларда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізімін қоса алғанда, оның бұрынғы қызметі туралы мәліметтер; 

5) өтініш беруші үміттеніп отырған жер қойнауы учаскесінің атауы және жер қойнауын пайдалану құқығы; 

6) өтініш берушінің конкурсқа қатысу жарнасын төлегені туралы құжат қамтылуға тиіс. 

Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар өтінімге қоса беріледі. 

1-1. Аукционға қатысуға арналған өтінімде: 

1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу өтінімін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өтінім берушінің Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелері де; 

2) өтінім берушінің осы Заңның 47-1-бабының 3), 7), 8) 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттарына және оларды аукцион жеңімпазымен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізуге келісімі де қамтылуға тиіс. 

2. Өтініш беруші осы баптың талаптарын сақтаған жағдайда өтінім қарауға қабылданады. Осы баптың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім қабылданбауға тиіс. 

3. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы конкурсқа қатысуға берiлген өтiнімнiң қабылданғаны және қатысуға жіберілгені туралы өтінім берушіні: 

тендерге қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде; 

аукционға қатысу үшін өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде хабардар етеді. 

4. Аукционға қатысуға өтінім берген тұлға аукцион өткізілетін күнге дейін оған қатысудан бас тартуға және өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы. 

Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...47 47‑1 48 49 50 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться