< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 58 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
58-бап. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім

1. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім: 

1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді; 

2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда), заңды мекенжайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтініш берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді; 

3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректерді; 

4) ұлттық компанияларды қоспағанда, барлық өтініш берушілердің, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде өздері жүргізген коммерциялық табудың негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін жүгінетін тұлғалардың өтінімінде көрсетілетін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректерді қамтуға тиіс. 

Өтініш беруші құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының талабы бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің негізіне қарай өзге де ақпаратты қосымша береді. 

2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге мынадай мәліметтерді: 

1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму объектілерінің, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызатын жердің, оның ішінде объектінің орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға арналған шығындарды, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасын; 

2) объектілердің физикалық сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын; 

3) қызметі зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың түзілуіне әкеп соғатын ұйымдар туралы мәліметтерді; 

4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасын; 

5) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын; 

6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қосымша берілуге тиіс. 

3. Барлауға, өндiруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтiнiмде: 

1) қол қойылатын бонус мөлшері; 

2) кадрлардағы, сатып алынатын жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергілікті қамтудың мөлшерлерi; 

3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері; 

4) қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер; 

5) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi көзделуге тиіс. 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінімінде жоғарыда аталған мәліметтерден басқа қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарлама болуға тиіс. 

4. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) өтінімге қоса беріледі. 

Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...57 57‑1 58 59 60 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться